- Advertisement -

Головкин Альварестен ауыр екен

542

- Advertisement -

15 қыркүйек (біздіңше 16 қыркүйек күні таңертең) кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBC, WBA (super), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек өтетіні белгілі.
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің ережесіне сай екі боксшы 30 күн бұрынғы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Былғары қолғап шеберлерінің бір ай бұрынғы салмағы лимитке сай 79,8 килограмнан аспауы тиіс еді. Алайда Головкиннің де, Альварестің де ереже бұзбақ түгілі, белгіленген лимиттен анағұрлым жеңіл салмақ көрсеткені қуантып отыр. Нәтижесінде Сауль Альварестің салмағы 75,9 килограмм болса, Геннадий Головкин 76,3 килограмм көрсетті.
Осылайша былғары қолғап шеберлері нағыз бабына енгенін дәлелдеп отыр. Бұл бокс жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Енді екі боксшы шайқасқа бір апта қалғанда тағы да салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. Ол кезде саңлақтардың салмағы 76,2 килограмнан аспауы шарт. Ал жекпе-жекке бір күн қалғанда былғары қолғап шеберлерінің салмағы 72,6 килограмды құрауы тиіс.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support