- Advertisement -

Cәт сапар тіледі

165

- Advertisement -

Астанамыздың 20 жылдығы қарсаңында Тараз химия-технологиялық колледжінде «Сәт сапар, жас маман!» атты салтанатты жиын өтті. Басқосуға «Қазфосфат» ЖШС оқу әдістемелік орталығының директоры Марина Оразова, «Минералды тыңайтқыштар» зауыты техникалық оқытудың бастапқы инженері Гүлнар Кенкозева, «Қазфосфат-НДФЗ» ЖШС техникалық оқу бөлімінің басшысы Серік Хусаинов және ата-аналар, колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Биыл 276 студент тоғыз мамандық бойынша бітірді. Оның 28-і үздік дипломмен аяқтады. Колледж 13 әлеуметтік серіктестікпен 3 жақты келісімшартқа тұрған. Бүгінгі таңда 276 түлектің 38-і тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Білім ошағының директоры Гүлнар Тұрсынбекова жас мамандарға арнаған ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар 28 үздік түлекке салтанатты түрде дипломдарын табыстады, қоғамдық шараларға белсене қатысқан бітіруші жас мамандар мен ата-аналарды марапаттады.
Колледж студенттері Астананың 20 жылдығына орай «Сәлем саған — Астана» атты флешмобын тарту етті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support