- Advertisement -

Мемлекеттік қызметшілер парақорлыққа қарсы

138

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер парақорлық індетімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан да, олар кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде белсенділік танытуы қажет. Сол себепті аталған тақырыпта түрлі жиындар өткізіліп отырады. Осындай басқосулардың бірі жуырда облыстық мәслихатта өтті. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау мәселелері сөз болған дөңгелек үстелді облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Біржан Күзембеков жүргізді. Жиында мәслихат аппаратының «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» мемлекеттік бағдарламасының талаптарын орындау жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастырудың жолдары туралы пікірлер айтылып, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мәселесі қозғалды.

Мұратхан ӘЛІМХАН

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support