- Advertisement -

Бағыты айқын басты құжат

119

- Advertisement -

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы – қазақстандықтар асыға күтетін маңызды құжат. Тағы бір жыл өзінің жағымды жаңалықтарымен тарихтың қойнауына еніп, жыл жаңарғаннан-ақ баршамыз келер күнге үміт артып, жаңашыл бастама күтеміз.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты зор жауапкершілікті жүктейтін биылғы Жолдауы да ұзақ мерзімге арналған мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала беретінін мәлімдеді. Ұлт Көшбасшысы жаңа, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолындағы негізгі 10 міндетті нақтылап берді. Жолдаудағы мәселелердің барлығы өзекті және мәнді. Қазақстанның көшбасшы мемлекеттердің қатарынан табылуы үшін цифрландыру және ел өміріндегі барлық салаларға цифрлық технологияларды енгізу қажеттігі мемлекет дамуының негізгі бағыттары деп білемін. Сонымен қатар, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтіп, оқушыларды ғылымға тарту үшін тиісті жағдай жасау қажеттігін де баса айтты. Оған қоса жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек деді. Бұл ең негізгі бағыт «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші бөлімде көрсетілген білім берудің жаңа сапасының бірі болып табылады. Әлеуметтік міндеттемелердің барлығын толықтай орындау көзделіп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 8 пайызға, ұстаздардың жалақысы 30 пайызға дейін өсетіндігі де айтылды.
Кез келген істе бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек етуге дайынбыз. Жасампаздық жолында жаңа белестерді бағындыра берейік!

Дархан ӘЛІПБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Шу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support