- Advertisement -

«Айтыскерлер» командасы топ жарды

187

- Advertisement -

Сарысу аудандық әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан мекемелер арасында турнир ұйымдастырылды.
Алғашқы ойында аудандық спорт мектебінің құрамасы «Жастар ресурстық орталығы» құрамасын 7:4 есебімен ұтса, «Айтыскерлер» командасы өз кезегінде «Сарысу мәдениетін» 9:0 есебімен қапы қалдырды. «Айтыскерлер» ұжымынан Төлеби Тәуірбек 5 голдың авторы атанса, Нұрлыбек Құрманов пен Дидар Апбасов екі голдан соғып, командаластарының абыройын арттырды. Шешуші ойында «Айтыскерлер» аудандық спорт мектебінің командасына 2:4 есебімен жол берсе, үшінші орын үшін таласта «Сарысу мәдениеті» командасы «Жастар ресурстық орталығы» құрамасынан 7:2 есебімен айласын асырды. Алайда төрешілердің шешімімен кілең спортшылардан құралған аудандық спорт мектебінің командасы жарыс жүлдесінен шет қалды.
Осылайша «бұйырған кетпес…» дегендей, Алик Бекмұсаев бастаған «Айтыскерлер» ұжымы турнир жеңімпазы атанса, «Сарысу мәдениеті» командасы екінші, «Жастар ресурстық орталығы» құрамасы үшінші орыннан көрінді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Әзиза Әзімбекқызы,
ТарМУ-дың студенті

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support