- Advertisement -

Өрлеу бағытындағы өркениет жолы

140

- Advertisement -

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауы жамбылдықтарға тың серпіліс берді. Соған байланысты барлық саяси ұйымдар, құрылымдар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мекеме қызметкерлері «Қазақстан – 2050» Демократиялық күштердің коалициясының» аймақтық филиалының отырысында бас қосып, өрлеуге бастайтын жаңа мүмкіндіктерді іске асырудың жолын саралады. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында өткен жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Мұратхан Шүкеев ашып, жүргізіп отырды.

Жиында «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Асан Қошмамбетов Жолдаудағы бірінші міндетті жүзеге асырғанда қандай мүмкіндіктерге жол ашыла­тынын сөз етті.
Бұдан кейін Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев Жолдауда көрсетілген екінші міндет «Жасыл технологияны» игеру, баламалы энергия көздерін дамыту жолдарын сөз етті. Агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуға негізделген «Ақылды технологияларды» қолдануға бағытталған Жолдаудың үшінші міндеті туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы аймақтық филиалының төрағасы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов кеңінен сөз қозғады. Сондай-ақ ол барлық кешенді шикізатты өңдеу «ақылды технологиялар» арқылы жүзеге асатынын айтып, ТИГУ-да энергия тиімділігін дамыту орталығы ашылғанын, жаңа технологиялар арқылы жылыжайдан мол өнім алынғанын баяндап, күн сәулесінен энергия алатын жылыжай кешенін слайд арқылы көрсетіп, оның құрылыс ерекшелігін көпшілікке таныстырды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков Жолдау жүктеген жетінші міндетке тоқталып, ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою жолдарын сөз етті. 2019 жылы ауыл мектебінде 15 жыл өтілі бар мұғалімнің жалақысы едәуір жоғарылай түсетінін, ал бұл қадам білімді жас мұғалімдердің ауылға баруына жол ашатынын айтты.
Мұнан соң облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек бизнес – экономиканы дамытудың алтын қазығы екенін, осы бағытта Тараз қаласындағы Абай көшесінде Кәсіпкерлер үйі ашылғанын айтып, Жолдаудағы сегізінші міндетке тоқталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Абдрахман Зайнуддинов, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген және басқалар Жолдаудан туындаған міндеттерге қатысты өз ойларын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support