- Advertisement -

Еңбек өнімділігі 4 есеге артты

84

- Advertisement -

Мұқаш Ескендіров, «Қазфосфат»
ЖШС-ның
бас директоры, Қазақстанның
Еңбек Ері:

– Елбасының кезекті Жолдауы әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін ел алдында атқарылатын 10 міндетті нақтылап берді. Еліміздің әр азаматын терең толғандыратын мәселелерге бағытталғандықтан, бұл Жолдауды да халық ерекше қабылдады.
Мемлекет басшысының бұл саяси құжаты төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолында не істеу қажеттігін айқындап отыр. Жалпы қоғамның барлық саласында да жұмысты жақсарту үшін Жолдаудың ынталандыру қуаты мықты.
Елбасы биылғы Жолдаудың алғашқы бағытында «Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деді. Аталған бағыт бойынша «Қазфосфат» компаниясы 2018-2022 жылға жаңғырту жоспарын әзірледі. 2018 жылы 12 миллиард теңгеден астам сомада инвестиция жасау жоспарланып отыр. Компаниямызда 2009-2017 жылдар аралығында еңбек өнімділігі 433 пайызға немесе 4 есеге дейін артты. Бұл көрсеткішті осы жылы тағы да 7,5 пайызға арттыруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ заманауи IT технологияларды енгізу үшін қаржы қарастырылуда.
Сөз соңында «Қазфосфат» ұжымы қашанда Мемлекет басшысының бағытын толықтай қолдайтындығын айтқым келеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support