- Advertisement -

Альварес Головкиннен озып кетті

70

- Advertisement -

Атақты ESPN телеарнасы биылғы жылғы ең танымал бокс жекпе-жектерінің рейтингісін ұсынды. Ақылы телеарналардан көрсетілген жекпе-жектер көшін америкалық Теренс Кроуфорд пен Феликс Диас арасындағы айқас бастаған. Бұл шайқасты 961 мың адам тамашалапты. Екінші орынға пуэрто-риколық Мигель Котто мен Садам Али арасындағы кездесу орналасыпты (аудиториясы 944 мың адам), үздік үштікті Майки Гарсия мен Эдриен Бронер жекпе-жегі түйіндеген.
Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыласы мексикалық Сауль Альварес те еніп отыр. Оның тағы бір мексикалық кіші Хулио Сезар Чаевспен өткізген кездесуі тоғызыншы орынды иеленді. Ал Геннадий Головкин үздік ондықта жоқ. Қазақстандық боксшының америкалық Дэниэл Джейкобспен шайқасы рейтингте тек он бірінші орынға лайық деп танылған. Атақты HBO арнасы арқылы көрсетілген мықтылар жекпе-жегін бар болғаны 761 мың жанкүйер тамашалапты.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support