- Advertisement -

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған «Жұлдыз»

122

- Advertisement -

IMG_0566Тәуелсіздік мерекесінде тараздықтар тағы да бір игі істің куәсі болып, қуанышқа кенелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде күрделі жөндеуден өткен №42 «Жұлдыз» балабақшасы қайтадан бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.

Мектепке дейінгі мекеменің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Рүстем Дәулет тараздықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

– Бұл іс Елбасының тапсырмасымен қабылданған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып отыр. Бүгінде Тараз қаласында 110 балабақша жұмыс істейді, онда 19587 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Оның 45-і – мемлекеттік, 45-і – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде, 20-сы – мектеп жанындағы шағын орталықтар. Елбасы 2020 жылға дейін бүлдіршіндерді 100 пайыз балабақшамен қамтуды міндеттеді. Біз бұл межені уақтылы орындаймыз. Биыл 1422 орын ашу көзделсе, біз оны 34-ке артық орындадық, – деді қала басшысы. Балғындарға осындай қамқорлық көрсетіліп жатқанына ата-аналар дән риза. Жиында Клара Дүтбаева тұрғындар атынан балабақша ғимаратын жаңартып, жөндеуден өткізіп бергені үшін облыс басшыларына ризашылығын білдірді.

Шаһар басшысы Рүстем Дәулет пен облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова балабақшаны аралап көрді. Бірнеше топтарды аралап, бүлдіршіндердің Тәуелсіздік мерекесіне орай дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады. «Жұлдыз» балабақшасын тәжірибелі маман Гүлнар Иманбердиева басқарады екен. Онда 12 топқа 280 бала қабылданған, 81 адам жұмыс істейді.
Ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компания – «Атымтай-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік директоры Дауыталы Нұралиев бөлінген 306 миллион теңге қаражат мақсатты жұмсалғанын айтады.

Есет ДОСАЛЫ
Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support