- Advertisement -

Қазақстанның Қарулы Күштері

91

- Advertisement -

ұтқыр армияға айналды

Тәу­елсіз­­дігімізді жария­­лаған соң бір жылдан кейін еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Биыл сол бір айтулы датаға 25 жыл толып отыр. Бұл тарихи шешімнің қабылдануы Тұңғыш Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Бұл ел үшін аса маңызды шешімнің бірі еді. Мемлекет басшысы сол жылдарда еліміздің Қарулы Күштерін әрі қарай дамытуға барлық жағдайды жасады. Тоқсаныншы жылдардың аяғында Қарулы Күштердің құрылымы реформаланып, жалпы мақсаттағы күштер (бұрынғы Құрлық әскерлері), әуе қорғанысы мен мемлекеттік шекараны қорғау күштері енгізілген болатын. Кейін жалпы мақсаттағы күштер қайта құрлық әскерлері болып өзгертілді.
Елбасы әскери өңірлерді құру идеясының да бастамашысы болды. Оңтүстік әскери округі Президенттің 2000 жылғы 6 шілдедегі №147 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы» Жарлығына сай құрылды. Осы оқиғаға орай «Қарулы Күштердің жаңаруы Оңтүстік әскери округінен басталады» деді Жоғарғы Бас Қолбасшы.
Қарулы Күштердің құрамдас бөлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктелді. Нақтырақ айтсақ, төрт облыстың: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорданың – 713 шаршы шақырымды құрайтын аумағы қарайды. Қолбасшылықтың басқару штабы Тараз қаласында орналасқан. Әскери құраманың жауынгерлік оқу-жаттығу өткізетін ірі алаңдары да Әулиеата өңірінде. Олар: Мәтібұлақ, Теріс-Ащыбұлақ, Айша бибі, Мөңке, Дарбаза полигондары.
2010 жылы Мәтібұлақ полигонында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер әскерлерінің «Бейбітшілік миссиясы» лаңкестікке қарсы үлкен әскери оқу-жаттығуы өткен еді. Ал Отар полигонында былтыр да, биыл да халықаралық армия ойындарының кезеңдік сынақтары өткізілді. Осы қос жарыста да Қазақстан әскері үздік нәтижеге қол жеткізіп, мерейі үстем болды. Бұл жетістіктерге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері жауынгерлерінің қосқан үлесі көп.

Марат Хұсайынов,
генерал-майор, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support