- Advertisement -

Арманға қанат қақты

75

- Advertisement -

105 түлек мамандық иесі атанды

Жамбыл политехникалық колледжінде «Түлектерге диплом тапсыру» салтанатты шарасы өтті. Колледж директоры Жанар Орынбаева түлектерге ақ жол тілеп, ата-анасы мен ұлағатты ұстаздарының үміттерін ақтап, биіктен көрінулеріне тілек білдірді. Жанар Рымбекқызының айтуы бойынша 2014-2015 оқу жылын «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану», «Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану» және «Жерге орналастыру» мамандықтары бойынша 105, оның ішінде жол картасы бойынша 24 студент білікті маман иесі атанғалы отыр екен. Сондай-ақ, аталмыш оқу ордасының басшысы бітіруші түлектердің 26-сы үздік диплом иелері екенін мақтанышпен жеткізді.

Айта кету керек, колледжде болашақ мамандардың кәсіби сапалы білікті маман болуына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, студенттердің өндірісте тәжірибе жинақтауы мен келешекте сол өндірісте жұмысқа қалу жағы да қарастырылған. Осы тұрғыда оқу жылының ішінде колледж түлектерінің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы туралы болжамдар жасалынып отырады. Айталық, үстіміздегі оқу жылында бітіруші түлектер саны 105 болса, болжам бойынша олардың 48,6 пайызы жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support