- Advertisement -

Алғашқы өнім

28

- Advertisement -

Меркі ауданының дихандары масақты дақылдарды жинауға облыста алғашқылардың бірі болып кірісті. Үстіміздегі жылдың өнімі үшін мұнда арпа – 24500, күздік бидай 24000 гектар алқапқа орналастырылған болатын. «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 500 гектар арпаның әр гектарынан 35 центнерден дән жинады. Элиталы астық өсіретін шаруашылық кейінгі кезде бірқатар алқаптарда күздік бидайдың әр гектарынан 70 центнерден дән бастыруда. Сыпатайлықтар өнгіштігі жоғары және жоғары өнім беретін дәнді дақылдар тұқымын аудан және облыстағы агроқұрылымдарға өткеруде.
Күздік бидайдың элиталы «Стекловидная-24» және «Эвклид» сұрыптары егілген алқаптар биыл да жоғары түсім береді деп күтілуде. Қазір агроқұрылымда егін жинаумен 6 комбайн айналысуда. Науқанға 45 адам тартылған.

«Aq jol-Aqparat».

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support