Қазақстан – Иордания: сенім мен ортақ мүддеге негізделген серіктестік
18-19 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды.











