
Қазіргі таңда құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) – қоғам үшін үлкен қауіптердің бірі. Бұл мәселе мемлекеттік қызметшілер арасында да өзекті, өйткені олардың қызметі елдің тұрақтылығына, заңдылықтың сақталуына және халықтың сеніміне тікелей әсер етеді. Лудоманияның алдын алу – мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен адалдығын қамтамасыз етудің маңызды факторы.
Лудоманияның мемлекеттік қызметкерлер үшін қауіптілігі бірнеше аспектілерден тұрады. Мысалы, қаржылық қиындықтар туғызады. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің ойынға тәуелділігі олардың жалақысының тиімсіз жұмсалуына, қарызға кіруіне және қаржылық тұрақсыздыққа алып келеді. Соның салдарынан жемқорлыққа жол беруі мүмкін. Қарызға батқан адамдар заңсыз әрекеттерге, пара алу, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға бармасына кім кепіл. Тәуелділікке шалдыққан қызметкерлердің жұмыстағы жауапкершілігі төмендеп, шешім қабылдау қабілеті әлсіреп, кәсіби міндеттерге немқұрайлы қарайтынын да ескерейік. Күйзеліс, депрессия, отбасылық жанжалдар және қоғамнан оқшаулануы психологиялық және әлеуметтік проблемаларды туындатады.
Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға тәуелділігінің алдын алу үшін қажетті шараларды жүйелі түрде енгізу қажет. Айталық, құқықтық реттеу және қадағалау, яғни мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына шектеулер қою, бүгінгі күнге бұл шектеулер қойылып отыр. Сондай-ақ, заңнаманы күшейту арқылы лудоманияға бейім қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, қызметкерлердің қаржылық ахуалына қатысты мониторинг жүргізу керек. Екіншіден, қаржылық сауаттылықты арттыру – мемлекеттік қызметкерлерге жеке қаржыны тиімді басқару бойынша оқыту курстарын өткізу, артық шығындар мен қарыздардың алдын алу үшін қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыру, жинақтау және инвестициялау дағдыларын үйрету маңызды болмақ. Үшіншіден, психологиялық қолдау көрсету – лудоманияның алғашқы белгілерін анықтау және тәуелділікке бейім адамдарға көмек көрсету үшін кәсіби психологтарды тарту, құпия кеңес беру және психологиялық тренингтер ұйымдастыру, стресс пен қысымды жеңуге көмектесетін дағдыларды дамыту тиімді. Төртіншіден, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырған жөн. Мәселен, лудоманияның зияны туралы семинарлар, тренингтер, дәрістер өткізу, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындардың салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, ақпарат тарату, қызметкерлер арасында жауапкершілікті күшейту мақсатында арнайы ақпараттық науқандар ұйымдастыру қажет.
Лудомания – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілердің бұл дерттен сақ болуы – олардың кәсіби беделі мен мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы. Қаржылық сауаттылықты арттыру, құқықтық бақылауды күшейту, психологиялық қолдау көрсету және ақпараттық жұмыстар жүргізу арқылы бұл дерттің таралуын болдырмауға болады. Сондықтан, бұл мәселенің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданып, әрбір қызметкердің жауапкершілігін арттырған ұтымды.
Жанат МҰХАТАЕВА,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді