- Advertisement -

«Барыс» сәтсіз сериясын тоқтатты

80

- Advertisement -

Құрлықтық хоккей лигасында біраздан бері жеңістің тәтті дәмін татып көрмеген «Барыс» хоккейшілері Екатеринбургте «Автомобилист» командасымен кездесіп, сәтсіздік сериясын тоқтатты.
Бұл ойында «Барыс» командасының қақпасын Сергей Кудрявцов қорғап, жақсы ойынымен көзге түсті. Ойынның алғашқы кезеңінде «Барыс» шабуылшысы Ярослав Евдокимов есеп ашып, астаналықтарды алға шығарды. Бұдан кейін бірінші жиырма минуттықта екі команда хоккейшілері шайба соға алған жоқ.
Кездесудің екінші бөлігі тартысқа толы жағдайда өтті. Ойынның 28-минутында «Барыс» шабуылшысы Никита Михайлис есепті еселесе, 34 минутта «Автомобилист» командасының ойыншысы Алексей Василевский есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен ойынның 39-минутында Роман Старченко «Барыстың» басымдылығын үстемелеп, есепті 3:1-ге жеткізді.
Ойынның шешуші кезеңінде Роман Старченко екінші мәрте мергендігімен көзге түсіп, командасын жеңіске жетеледі. Ал «Автомобилист» сапынан Александр Торченюк бір шайбаның авторы атанды. Қорытынды есеп – 4:2. «Барыстың» пайдасында. Осылайша «Барыс» тоғыз жеңілістен кейін алғаш рет жеңіске қол жеткізіп отыр. Команданы өрге сүйреген Роман Старченко екенін айта кеткен жөн.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support