- Advertisement -

Сыбайластық сипатындағы тәуекелдер анықталған жоқ

40

- Advertisement -

Бүгінгі таңда еліміз үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзекті мәселе әрі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып отыр. Басты ұстанымы мемлекеттік саясаттағы сабақтастық екенін алға тартқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың жолын кесу жолындағы жұмыс белсенді жалғасатынын айтты.
Апта басында Мемлекет басшысының төрағалығымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өткені мәлім. Осы басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда кез келген салада жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екеніне тоқталды. Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркелетінін, мыңнан аса адам жауапқа тартылатынын жеткізді. «Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін», – деді Қазақстан Президенті.
Жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретіні анық. Сондықтан оны түбегейлі жою қажет. Ол үшін Елбасы айқындап бергендей, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелі тәжірибесін енгізу керек.
Елбасының саясатын қолдау әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өз құзыреті шегінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресті тұрақты бақылап, нақты жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта заң талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін басқарма қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріледі. Мекемеде былтыр осындай мәселелер талқыланған 7 басқосу өткізілсе, биылдың өзінде сала мамандары 3 жиынға шақырылып, аталған тақырыпты кеңірек қаузады.
Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде ақпарат алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптарында стенділер орналастырылған. Ал мемлекеттік қызметтерді көрсету толықтай белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуда.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғалардың арасында тікелей қарым-қатынасты азайту арқылы қол жеткізілген. Сондай-ақ мекеменің сенім телефоны 43-67-43 тұрақты түрде жұмыс атқаруда.
Қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік ақпараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында интернет-ресурстың алатын орны ерекше. Сол себепті басқарманың интернет-ресурсында http://gask.zhambyl.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына арналған арнайы бөлім ашылып, тиісті ақпараттар беріліп тұрады. Ақпараттар тұрақты түрде жаңартылып отыруы тиіс.
Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» толыққанды орындалуда. Басқармада қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, жең ұшынан жалғасқан қылмыстың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі қалыптасқан. Сыбайластыққа қарсы стандарт бекітіліп, ол интернет-ресурста жариялануда.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін анықтау мақсатында осы бағыттағы құқық бұзушылықтар тәуекелдеріне былтыр 2, ал биылдың өзінде 1 ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері сыбайластық сипатындағы тәуекелдер анықталмағанын көрсетіп отыр. Алдағы уақытта да жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жалғасатын болады.

Қанат Айтқұлов,
облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support