- Advertisement -

Жамбылдық боксшының жеңісі

101

- Advertisement -

Фируза Шарипова Юлия Куценкодан айласын асырды

Ресей Федерациясы-ның Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтерілген Фируза Шарипова ресейлік Юлия Куценкомен қолғап түйістіріп, төрешілердің біржақты шешімімен (98:92, 96:94, 96:94) жеңіске жетті.
Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынаған жамбылдық боксшы қыз 10 раунд бойы қарсыласын соққының астына алып, реті келген кезде өзі сәтті қорғана білді. Осылайша шын мықтының кім екенін кезекті мәрте дәлелдеді. Бұған дейін сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңімпаз атанған Юлия Куценко кәсіби мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр. Барлық кездесуінде өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген Куценконы осалдардың қатарына қоса алмайтынымыз анық. Дегенмен Фирузаның жөні бөлек қой.
Жамбылдық боксшы бұл күні өзіне тиесілі WIBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады. Осылайша кәсіби мансабында тоғызыншы жеңісін тойлаған Фируза алдағы уақытта үлкен шайқастарға шығуды көздеп отыр. Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Фируза Шарипова болашақта үшінші салмақты да бағындырғысы келеді.
Жерлесіміз WIBA тұжырымынан бөлек, WBC silver және IBO тұжырымдары бойынша да әлем чемпионы атағына ие.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support