- Advertisement -

Әлемдегі ең танымал автомобильдер тізімі жасалды 

94

- Advertisement -

Мамандар әлем бойынша ең көп сатылатын көліктер тізімін жасады, — деп хабарлайды РИА Новости «Автостат» сараптама агенттігіне сілтеме жасап.

2018 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша ең көп сатылған көлік — Toyota Corolla. Небәрі алты ай ішінде осы модельдің 611 мың данасы сатып алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, сату көлемінде айтарлықтай өзгерістер жоқ.

Екінші орында — Ford F-Series. Жарты жыл ішінде 537 мың дана сатылған, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырған үш пайызға жоғары. Үшінші орында — Volkswagen Golf — 442 мың автомобиль сатылған. Үздік бестікте Honda Civic және Toyota RAV4 автокөліктері бар (425 мың және 409 мың автокөлік).

Тізімнің үздік ондығына Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry және Chevrolet Silverado көліктері енген.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support