- Advertisement -

Ұрпақтар сабақтастығының ұлағаты

96

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен елімізде тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауы ұйымдастырылған еді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өткен байқауда 12 үміткер үздік шығып, жеңімпаздарды өткен аптада Елбасы қабылдаған болатын. Олардың арасында жамбылдықтар да бар.
Бұл байқауда Меркі ауданы әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Асхат Медетбеков пен Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі аппараты іс-жүргізу және есеп бөлімінің басшысы Мұстафа Бектұрғанов үздіктер қатарынан көрініп, Президенттің қабылдауында болып қайтқан еді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінде аталған байқау жеңімпаздарымен кездесу өтті. «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жиында департамент басшысы Мақсұт Нәлібаев үздік шыққан қызметшілерді құттықтап, өңірдің атын шығарған азаматтарға алғысын білдірді.
Мұстафа Бектұрғанов 307 мемлекеттік қызметшінің ішінен дараланып, топ жару оңай соқпағанын айтады. Әйткенмен, ол Президенттің қабылдауында болып, Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеу бақытына ие болғанын сәттілікке балап отыр. Асхат Медетбеков те осы сында өздерін жан-жақты көрсете алғандарын зор табыс санайды.
Жиында Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Жандар Кәрібаев, Қасымхан Төлендиев, Сембек Сейдәзімов сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support