- Advertisement -

Дала төсін дүбірге бөледі

109

- Advertisement -

Жамбыл ауданына қарасты Бектөбе ауылындағы атшабарда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нәби Момыновты еске алуға арналған ат спорты ойындарынан ересектер арасында облыстың ашық біріншілігі өтті. Додаға аудандардан және Ақтөбе қаласынан сексенге жуық спортшы қатысты. Тұлпарлар тұяғы дүбірде қызған додада көкпар, аударыспақ және теңге ілу секілді спорт түрлері бойынша командалар сынға түсті.
Дала төсі дүбірге бөленген жарыс қорытындысында көкпардан Жуалы ауданының жампоздары қарсылас шақ келтірмей, топ жарса, екінші орын Қордай ауданының командасына, үшінші орын Байзақ ауданының өрендеріне бұйырды. Сондай-ақ, «үздік ойыншы» аталымымен байзақтық Асхат Тойбаев, «үздік шабуылшы» аталымымен жуалылық Бейбарыс Маратұлы марапатталса, «үздік сәйгүлік» болып қордайлық «Қасқа» атты тұлпар танылды.
Теңге ілу сынында жуалылық Жасұлан Дүйсенғалиұлы жеңіске жетсе, екінші орын ақтөбелік Ринат Смағұлға, үшінші орын қордайлық Қанат Спанқұлға бұйырды. Сонымен қатар дода барысында аударыспақтан бақ сынаған сайыпқырандар да үш салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Ұлттық спорт түрлері ұлықталған спорттық аламан жоғары деңгейде өткізілді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support