- Advertisement -

Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

72

- Advertisement -

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Айдос Ербосынұлы бесінші кездесуін нокаутпен жеңді.

Жерлесіміз Нью-Джерси штатында өткен кезекті айқасында жергілікті боксшы Риарус Дадлеймен (5-1-1, 2KO) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Негізі жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 4 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Оның екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті өз елімізде өткізген болатын. Ал бүгінгі айқасы АҚШ аумағындағы өткізген алғашқы жекпе-жегі. Талантты қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 72,6 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support