- Advertisement -

Көшелерге темекі түтінінен жөтелетін билборд орнатылды

103

- Advertisement -

Швеция көшелерінде «тірі» билборд пайда болды. Ерекше жарнама акциясын фармацевтикалық компания қолға алған.

«Жүрек» дәріхана желісі Стокгольм орталығына «тірі» билборд орнатты. «Тірі» дейтініміз, экранда түтіннің иісінен жөтеліп тұрған ер адамның суреті пайда болады. Билбордтың ар жағындағы адам мұрнына темекі түтінінің иісі «келгенде» жөтеле бастайды. Белгілі болғандай, жарнама билборды түтін детекторымен жабдықталған. Видеодан кейін жарнама қалқанында шылымнан бас тартуға көмектесетін дәрі-дәрмектердің суреті шығады.

Темекіге қарсы науқан аясында жүзеге асқан бұл акция швециялықтарды біраз таңдандырғаны анық.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support