- Advertisement -

Жерге ең жақын экзопланета табылды

60

- Advertisement -

Еуропалық астрономдар Жерге ең жақын экзопланета тапты. Экзопланета деп тіршілікке қолайлы жағдайы бар ғаламшарларды атайды. Проксима Б деп аталатын бұл аспан денесінің мөлшері Жермен шамалас. Альфа Центавра шоқжұлдызында орналасқан ғаламшар Күн жүйесінен 4,2 жарық жылы қашықтықта орналасқан.
Соңғы жиырма жылда ғалымдар ғарышта үш мыңнан аса экзопланета ашқан. Алайда, көбісі өте алыс орналасқандықтан, оларды мұқият зерттеу мүмкін болмай тұр. Ал жаңа ашылған ғаламшарға адамдар мінген үлкен кемені емес, салмағы бірнеше грамнан аспайтын нанороботтарды жіберуге болады.
Осындай көлемдегі құрылғыларды жасайтын технологиялар жақында ғана пайда болды. Жер бетіндегі алып лазер берген күшті үдетудің арқасында олар қазіргі ғарыш кемелерінен бір мың есе асатын жылдамдықпен жетуі тиіс. Наноқұрылғы камералардан, байланыс пен бағдар анықтау құралдарымен жабдықталған шағын роботтан және күн желкенінен тұрады. 100 миллион долларға бағаланған бұл жобаны ресейлік миллиардер Юрий Мильнер мен белгілі ғалым Стивен Хокинг қолдап отыр.
– Экзопланетаның пішіні мен шығу тегі Жерге өте ұқсас. Ол Юпитер секілді газ шары емес, сол себептен адамдар оның бетінде қиналмай тұра алады. Онда сұйық түрде су болуы мүмкін. Демек тіршілігі де болуы ықтимал, – деді астроном Ансгар Рйнерс.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support