- Advertisement -

Майкл Фелпс — Олимпиаданың 19 дүркін чемпионы атанған тұңғыш адам

103

- Advertisement -

Америкалық спортшы Рио-2016 олимпиадасында еркін стильдегі 4-100 метр эастафетада АҚШ құрамасы қоржынына алтын салды. Атақты америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода алтын ұтты.

Финалда Фелпс пен оның құрамадағы әріптестері Калеб Дрессел, Райан Хелд және Натан Эдриан үш минут және 9,92 секундты көрсетті. «Күміс» француздық жүзушілерде (3.10,53), ал «қоланы» австралиялықтар (3.11,37) алды.

Осылайша, 31 жастағы Фелпс тарихта 19 мәрте олимпиада чемпионы атанған спортшы болды. Сондай-ақ, ол Олимпиада ойындарындағы наградалар саны бойынша абсолютті рекордшы болып табылады.

Қазір оның есебінде 23 медаль бар.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support