- Advertisement -

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Жамбыл өңірінің жастарымен кездесті

17

- Advertisement -

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен жастармен кездесуде МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай жастар үшін мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталып, жоғары оқу орындарының үздік түлектерін аудандық және ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тікелей тағайындауға қатысты Агенттіктің жаңа шешімі жайлы баяндады.

Сондай-ақ ол өңірлер үшін жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің басталғаны және оның негізгі талаптары жайлы айтты. Еліміздің барлықөңірлерінде «Жас мемлекеттік қызметшілермектептері» ашылғанын айта келе, жастардыосы мектептің жұмысына белсенді қатысуғашақырды.

Кездесу соңында Агенттік төрағасы Жасмемлекеттік қызметшілер мектебініңқатысушыларына, сондай-ақ мемлекеттікқызмет саласындағы жобаларды іске асыруғабелсенді қатысқан тұлғаларға алғыс хаттартабыстады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support