- Advertisement -

Қазақстанда ең көп сатылатын үйлер — 2 бөлмелі пәтерлер

16

- Advertisement -

Көпқабатты үйлердегі пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz  сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында ұлттық статбюро хабарлады.

2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйдегі мәміле саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайды.

Биыл ақпан айында пәтер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды, бұл жалпы мәміле санының 80,3%.

Бөлме саны бойынша 2 бөлмелі пәтер сатылымы басым болды, ақпанда осындай 9 167 мәміле ресімделген.

Осы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша тұрақтылық байқалады, мәміле саны 0,8% немесе 51 мәмілеге азайды.

Ақпанда барлығы 6 017 мәміле тіркелді. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.

Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды.

Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында болды.

Осы жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі былтырғы ақпанмен салыстырғанда 26,6% көбейген. Ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын.

Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді. Ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7%.

Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санының өткен жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.

Фото uhome.me сайтынан алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support