- Advertisement -

Табиғатты қорғау – ортақ міндет

32

- Advertisement -

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының штаб жетекшісі Ермек Қыпшақбаев, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының командирлері, сарбаздары және жастар қатысты.

Аймақты жасыл желекке бөлеп, табиғатты таза ұстап, елді мекендерді көгалдандырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау адамзаттың міндеті. «Жасыл ел» еңбек жасағы тазалықтың мәдениетін қалыптастырады. Жобаның негізгі міндеті де сол жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу.

Осы орайда өткен іс-шараның жабылу салтанатында алғашқы болып сөз алған аталған басқарма басшысы Жомарт Зұлпыхар «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары мен жастарға ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

«Жасыл ел» жобасының негізгі міндеті –жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке баулу екендігі белгілі. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандырумен айналыса отырып, өз бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады.

– «Жасыл ел» жобасы 2005 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл жоба аясында биыл 300 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Осы уақытқа дейін 70 мың теңге көлемінде айлық берілсе, алдағы уақытта 85 мың теңгеге айлық жалақы өсіруді жоспарлап отырмыз. Былтыр облыс көлемінде 120 миллион теңге қаражат бөлініп, 1800 жас еңбек еткен. Биыл 1900 жасты еңбекке баулып, жергілікті бюджеттен 138 миллион қаржы бөлініп отыр. Экологиялық акциялар мен сенбілікке бір кісідей жұмылып, табиғатты аялауға атсалысайық, – деді Жомарт Дүйсенұлы.

Салтанатты кеш барысында «Жасыл ел» жобасын іске асыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Үздік жасақ», «Үздік сарбаз», «Үздік командир» номинациялары бойынша үздіктер іріктеліп, марапатталды.

Кеш соңында жамбылдық жас өнерпаздар өнер көрсетті.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support