- Advertisement -

Таразда мемлекеттік қызметшілер түзеу мекемесінде болды

48

- Advertisement -

Бүгін Тараз қалалық арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің тыныс-тіршілігі көрсетілді. Жалпы, бұл шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Шара барысында Тараз қалалық арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сот үкімімен кінәлі деп танылып, жабық мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жағдайын өз көздерімен көрді. Бұл күні мемлекеттік қызметшілер түзеу мекемесіндегі асхана, кітапхана және басқа да бөлмелерге бас сұқты. Қорыта айтқанда, мұндай шаралар жемқорлық әрекеттердің алдын алуға септігін тигізері анық.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support