- Advertisement -

Жас журналистермен жүздесті

28

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ашық лекция» жобасы аясында облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының студенттеріне дәріс өткізді.

Кездесу аясында іс-шара қонағы жастармен пікір алмасып, олардың көкейіндегі түрлі сұрақтарға жауап берді. Журналистика саласының қызығы мен қиындығы қатар жүретіндігін, төзімділікті, ұқыптылықты, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саланың бірі екендігін айтты.

«Сонымен қатар, журналистика зор жауапкершілікті қажет етеді. Нақтылай атқаратын қызметін бөліп қарайтын болсақ, біріншіден, әлемдік, саяси жаңалықтарды халыққа жеткізу. Екіншіден, жеткізіп қана қоймай, әрбірін анықтауды, саралауды, өңдеуді қажет етеді.Үшіншіден, қоғамға жеткізе отырып, көтерілген мәселені, ойды насихаттап, әрі ол халыққа түсінікті болуы қажет», – деді өз сөзінде Гүлбаршын Қайратқызы.

Дәріс еркін форматта сұрақ-жауап түрінде өтті.

 

Бекзада СҰҢҒАТ,

облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support