- Advertisement -

Міндет – он маңызды бағыт ты жүзеге асыру

35

- Advertisement -

осы мақсатта облыста жаңа басқарма құрылады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде атап өткен он маңызды бағытты жүзеге асыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру жолында облысымызда нақты жұмыстар қолға алынуда. Ол бойынша арнайы қаулы қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі. Бұл туралы кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылып, жан-жақты сараланды.
Бекітілетін іс-шарада тұрғындар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, олардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту және табысын арттыруға бағытталатын бірқатар мәселелерді қамту көзделіп отыр. Бұл орайда басымдық «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мен әрбір елді мекендерде кооперативтер құру жұмыстарына беріледі.
Жиында бұған дейін өңірімізде қолға алынған «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мен әрбір елді мекендерде кооперативтер құрудың тиімділіктері тілге тиек етіліп, атқарылып жатқан шаралар туралы айтылды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға, табыс көздерін арттыруға тың мүмкіндіктер туады.
Алдағы уақытта әрбір ауыл мен ауланың экономикалық төлқұжаты жасалады. Оған аудан, ауылдық округ әкімдері де барынша атсалысуы қажет. Асқар Исабекұлы осы және өзге де жұмыстарды тиянақтап, есеп-қисап және түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кету керек, бұл бағытта облыста жаңа ауқымды басқарма құрылатын болады. Жаңа құрылым тек осы міндеттерді жүзеге асыру және жүйелеумен айналысады. Ол ғана емес, өңір басшысы бұл жұмыстарға қоғам белсенділерін де тарту керектігін баса айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support