Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
Облыстағы Луговой жылқы зауытына қатысты даулы іс тағы бір сот сатысынан өтті. Бұрынғы директор Халит Базаралиев талап еткен 892,4 миллион теңге өндіру туралы арыз қанағаттандырылмады. Кассациялық сот төменгі инстанциялар шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.







