Жаттығуға келіп, ауруханаға түскен спортшылардың жағдайы қалай?
- author «Ақ жол»
- 26 қаңтар, 2026
- 370
Облыс әкімдігі таратқан мәлімет бойынша 21 қаңтар күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына «Тұран» демалыс аймағынан 12–17 жас аралығындағы 22 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. Олар Қызылорда облысынан Меркіге күрес түрінен оқужаттығу жиынына келіпті. Ал 22 баланың біреуі аяқ жарақаты бойынша жүгінген екен. Қазір олардың жағдайы қандай? Біз бұл туралы облыстық СЭБ департаментінің басшысымен сөйлескен едік.
– Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит. Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтілуде. Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар бұл факт 2026 жылғы 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданатын болады. Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде, денсаулықтары қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасуда, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділда Шыналиев.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес осы жағдай орын алған жерге облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізіпті. Ауруханаға жүгінген 22 баланың 21-і емдік шараларды қабылдап, медициналық бақылауға алынып, ауруханадан шығарылған. Ал, аяқ жарақатымен түскен 1 жасөспірім аудандық аурухананың хирургиялық бөлімше сіне жатқызылған.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




