Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
Дәрігер дегенде бәріміздің есімізге жылы жүзді, ақ халат киген абзал жан түседі. Қолындағы қобдишасын алып, емдеуге кіріскеннен ақ жаныңа араша болар құтқарушы келгендей қуанасың. Жақсылықтың жаршысындай. Тап-таза әулие көргендіктен шығар баршамыз бала күнімізде дәрігер боп ойнағанымыз рас.






