Асығымыз алшысынан түссін
Жалпы біздің халық ырымшыл халық. Ырым – адам баласының естіген, айтқан, көрген нәрселерін жақсылыққа не жамандыққа жорамалдауы. Әрине, қандай да бір ырым болмасын, неғұрлым жақсылыққа жорамалдаған дұрыс деп жатады көпті көргендер. Осыған менің талай рет көзім жетті.