20 маусым күні вейптерге тыйым салатын заң күшіне енді. Бірақ, бұл ретте халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі «біздің шенеуніктер жолдар мен сыбайлас жемқорлықпен және басқа да өзекті мәселелермен айналысудың орнына, вейптерге тыйым салып отырғаны несі» десе, енді бірі «10 жасөспірім шылымды шегуді тастаса, онда заңнан пайда бар деген сөз» деп өз қуанышын білдіргендер де аз болмады. Пікір арасында көбін алаңдатқан және таңғалдырғаны вейпті тұтынған адамға қойылған жаза екен. Сату және тарату үшін 200 айлық есептік көрсеткіш (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамауға алу нұсқасы да бар. Вейптерді әкелу және өндіру, 2000 айлық есептік көрсеткіштен он еселенген мөлшерде айыппұл салумен немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Ал егер сіз бір әрекетті қайталап және қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі көлемде жасасаңыз, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырыласыз немесе 5000 айлық есептік көрсеткіш (18 460 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейсіз. Ал, вейп сатып алуға және сақтауға келетін болсақ, ол үшін айыппұл жоқ. Ондағы себеп – адам құқығы.
Қырыққа жуық ел электронды шылымнан бас тартқан. Енді Қазақстан да солардың қатарында. Қалай ойлайсыз, неліктен бәрі бірден тыйым салып жатыр? Әрине, зиян екенін білгендіктен. Бірақ, сол бұйымның зиян екенін біле тұра, аяқ тартатын жастар бар ма? Вейптен неге бас тартқан дұрыс және негізгі зияны неде? Осы мәселе төңірегінде сөз қозғайық. Біріншіден, вейп ер- азаматты белсіздікке әкеледі және ұрпақ сүю мүмкіндігінен айырады. Бұл елімізге, қоғамға және адамзат баласына залал келтіретін ең басты қауіп.
– Қазіргі уақытта ер азаматтардан бөлек, қыз балалар, әйелдер де элект ронды темекіні жаппай тұтынады. Жүктілік, босану, бала сүюге де вейп кері әсер етеді. Неге? Себебі, әйелдермен қатар, еркектердің де бедеулігі бірінші сатыда тұрған оксидативті стресстен. Егер әйел адам темекі немесе вейпті тұтынып, гипоксия-оттегі жетіспеушілігі болса, медицинада овариальды резерв деген түсінік бар. Мысалы, еркектер де аталық без сперматазоидтар ұдайы өмірінің соңына дейін түзілетін болса, әйелдер де 45-50 жасына дейін, әркімде әрқалай тоқтауы мүмкін. Осындай зиянды әдеттер болған жағдайда, бала көтеру қауқары төмендейді және т аусылады деген сөз. Енді ойлап қараңызшы, қарапайым іштегі балаға, В тобының витамині жетіспегені салдарынан бала ақаулықтармен бірге туылуы мүмкін. Ал жаңағыдай зиянды никотин ағзаға түскен кезде, балаға не болатынын ойлау қорқынышты», – деп түсіндірді уролог Азамат Ахметолдинов.
Ал депутат Нұргүл Тау «Менің вейппен күресудегі себебім – білім басқармасында 17 жыл қызмет атқардым. Ол жерде мектептер де тәрбие жұмысын басқардым. Мектепке барған кезімде, қасымдағы әріптестерімнің айтатын сөзі осы – вейп болды. Көмектесіңізші, электронды темекіні тартпайтын бала жоқ, тіпті 5-сыныптың баласы да тартады деп. 5-сыныптың баласы тартады деп қорқып жүргенімде, 2-сыныптың баласы да зиянды өнімді тұтынатын болып шықты. Мектеп ішінде 7-сынып баласы 2-сыныптың баласына с атып кішігірім кәсіпке айналдырып алған. Содан бұл не масқара деп, бақылауға тұрарлық мәселе екенін түсіндім. Депутат ретінде мұны зерттей бастағанымда мүлдем таңғалдым. Біздің шекарадан ойыншықтың кодымен кіреді екен. Әрине, олардың да иелері, сатушылары бар. Сөйтіп бірнеше депутаттың тізе қосуымен, заңға өзгерістер ұсындық. Мұнда баланың болашағы тұр, сондықтан Прьемер министр қолдады», – дейді ол.
Вейптің 16 мыңнан аса әртүрлі дәмі бар екен. Ал оның 8 мыңға жуық дәмі – Қазақстанда. Арнайы Vape shop-тарға кіріп қарасаңыз, сырты әдемі безендірілген, балаларды бірден баурап алатын вейп түрлерін көресіз. Бұл өз кезегінде маркетингтің жолы. Вейптің құрамында не бар және оның қаупі неде деген сұраққа Азамат Ахметолдинов былай деді:
– Оның ішінде май, глицерин, пропиленгликоль бар. Оның 95 пайызы майлар. Екінші нәрсе ол – никотин. Егер біз жиі осы майлармен демалатын болсақ, адам тұрақты түрде шегетін болса, ұсақ молекулалар өкпе дінін шөге береді. Қазіргі таңда Америкада «эвали», яғни өкпе ауруы деген түсінік бар. Оның симптомдары дәл пневмония секілді: дене температура көтеріледі, жата алмайды, тыныс алу қиындайды. Ал соны компьютерлік томографияға түсіргенде, майдың шөгінділерін «липоидты пневмонияны» анықтаған. Ол нәрсе өкпені бітпеген кезде, оттегі алмасу нашар болатын болса, оттегіге ең сезімтал орган – ми. Жоғары көтерілген кезде, неге адамдар есінен танып құлайды. Себебі оттегі азайған сайын адам миының жұмыс істеуі бәсеңдейді. Вейпті тұтынып жүрген жастар «қаншама айлап, жылдап шегемін, ештеңе болған жоқ қой», – дейді. Организмде де адаптациялық кезең бар. Менің жастарға айтарым, сен вейп шегетін болсаң, сенің өкпең соған бейімделеді. Өкпе белгілі бір межесіне келгенде ағзаның қышқылдануы орын алса, бұл онкологиялық ауруларға әкеліп соқтырады.
Бір қызығы, вейптердің қауымдастығы деген бар екен. Олар «вейпті шеккен адам, темекіні тастайды» деп есептейді. Яғни, олар вейптің пайдасы жөнінде баршаға жар салып, сол айтқан сөзі үшін ақы алатын көрінеді. Тіпті сол сатып жатқан адамдардың өзі оның қаншалықты зиян екенін білмейтін де секілді. Себебі, олардың ойынша, вейп – темекіні қоятын таптырмас құрал. Сонымен, вейпке тәуелділік неден туындайды?
– Организмде түзілетін ацетилхолин деген нейромедиатор бар. Ацетилхолин негізінен зейінге жауап береді. Оның биохимиялық құрамы никотинге өте ұқсас. Адам никотинді шегіп, организмге никотин түсетін болса, организм оны «ацетилхолин» деп ойлайды. Содан орысшалап айтқанда, «никотиновая зависимость» туындайды. Адам қандай жағдайда шегеді? Ең алдымен, жұмысқа назары болмағанда, қатты ашулағанда және дәмді тамақтан кейін шегеді. Неге десеңіз, өйткені ас қорыту үшін ацетилхолин бөлінбейді де, содан организм никотинді қатты сұрайды. Егер де тәуелділіктен құтылмайтын болса, вейпті шегіп, темекіні қоямын деу ол біріншіден – жалған әңгіме. Екіншіден, өз- өзіңізді алдау дейді, – уролог дәрігер Азамат Ахметолдинов.
Дариға АСҚАР,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
веб-журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді