«Новый қазақ»
Менің бір көршім бар. Өзі сауысқаннан да сақ, бір шоқып, екі қарайды. Біз көрші болғалы бес-алты жылдың ішінде үйіне ешкім бас сұққан емес, өзі де ешкімнің шаңырағына кірмейді. Бірдеңе сұрап қалсаң, Құдайдың тегін ағып жатқан қара суын бермейтін нағыз шық бермес Шығайбай.




