Шудың тәтті қарбызы-ай!
Жаздың аптап ыстығы қуырып тұр. Арқырай аққан Шудың суын мейлінше ішкен бақша алқаптары алыстан менмұндалайды. Биылғыдай құрғақ та ыстық жазға бой бермей, көкпеңбек болып жатқан қарбыз алқабы Жаңа жол ауылдық округіне қарасты екен. Мұнда жаз бойы бау-бақша өсіріп, табысқа кенелетін дихандар жетерлік. – Биылғы жылғы құрғақшылыққа қарамастан тәуекелге бел буып, 3,5 гектар алқапқа қарбыз ектім. Сонау ерте көктемнен отбасыммен осы бақша басында тер төгудемін. Дихандықты кәсіп еткеніме тоғыз жыл болды. Қарбызды өсірудің қыр-сырына қанықпын. Өткен жылы 2 гектардан 70 тонна қарбыз жинадым. Биылғы жылы бұйыртса 130-150 тонна өнім аламын деп отырмын. Тамыз айының аяғында қарбыздың дені піседі. Оның 100 тоннасын Ресейге жөнелткелі отырмын, – дейді алқап қожайыны Нұрлан Серкебаев. Иә, тоғыз жолдың торабындағы Шу қаласы мен Төле би ауылының базарларында тау-тау болып үйіліп жатқан қарбыз жетерлік. Дәмі тіл үйірер қарбызға ауыл да қарық, қала да қарық. Дихан еңбегінің өтелгені осы емес пе?!
Жәмила Ақберген, тілші.
Суретті түсірген Петр Норкин.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«ZHAMBYL INVEST»-тің жұмысы мен жоспары қуантады
- 30 сәуір, 2026
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





