Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «FlyArystan» әуе компаниясының маркетинг және бренд менеджері Мәдина Бужинова мен баспасөз қызметінің менеджері Ләззат Нәбиева «FlyArystan» әуе компаниясының лоукостерінің басты қағидалары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. – «FlyArystan» алғашқы қазақстандық лоукостері 20 операциялық күннің ішінде Тараздан Алматыға 5000 жолаушыны тасымалдауға қол жеткізді. Заманауи «Airbus A320» ұшағы Алматыдан Таразға және де кері қарай 40 бағыттық ұшу сапарын ойдағыдай орындап шықты. Билет сатылымдарын 29 наурызда ашық деп жариялап, әуе тасымалдаушы «Алматы-Тараз-Алматы» бағыты бойынша біржақты билеттерді 4999 теңгеге, ал одан кейін оның құнын 3999 теңгеге дейін түсірген болатын, – деді Мәдина Оразбекқызы. Сондай-ақ Ләззат Исламбекқызы лоукостердің қызметі – қазақстандықтар үшін жер үсті көліктеріне тамаша балама екенін алға тартты. «Билеттер бағасының секунд сайын өзгеріп отыруы, ол әлемдік тәжірибеде бар нәрсе, баға тұрақты сақталып қала бермейді. Сол себепті тиімді ұсыныс түсіп тұрған кезде, яғни дәл осы мезетте оны алып үлгеру керек. Үнемдеудің тағы бір амалы, ол орын таңдау, жол жүк қызметтерін билетті алған бойда сайттан сатып алу, себебі әуежайда, тіркеу кезінде дәл осы қызмет түрі бірнеше есе қымбат болатынын ескерген жөн», – деп атап өтті ол. – «FlyArystan» бюджеттік әуе компаниясы Алматы қаласында құрылып, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестендіріліп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бір бөлімшесі. «FlyArystan» әуе паркі 180 орынды 4 «Airbus А320» ұшақтарынан құралған. Әуе кемелерінің орта «жасы» 6 жылды құрайды әрі реактивті әуе флоты еліміздегі ең жас құрылым болып саналады. Ал 2022 жылға қарай парктегі әуе кемелері санын 15-ке дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласына бекіту жоспарланып отыр, – деді М.Бужинова бұл ретте. Бұдан соң компания өкілдері журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да жан-жақты жауаптар қайтарды.
Ерман Әбдиев
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді