Қазақстанда «Еңбек ардагері» медалі белгіленді
Қазақстанда «Еңбек ардагері» медалі белгіленді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның хабарлауынша, 2014 жылы 31 шілдеде аталмыш медальді белгілеуді қарастыратын Үкіметтің тиісті Қаулысы қабылданған.
Қазақстан Үкіметінің бұл Қауылысы қоғамымыздағы «Еңбек адамы» мәртебесінің мерейін арттыра түсу, өндірістік еңбекті ынталандыру, жұмысшы мамандықтардың абыройын арттыру және жастарды өндірістерге тарту, ҚР Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бастамасы аясында жұмысшылар әулетінің көп жылғы дәстүрін үлгі ету үшін бағытталған.
«Еңбек ардагері» медалі ешбір салаға байланбаған тұңғыш әрі жалғыз ведомстволық марапат болып отыр. Ол медальға жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асатын, соның ішінде бір салада 10 жылдан астам жұмыс істеген, сондай-ақ, еңбек жолында ең үздік көрсеткіштер көрсете білген зейнеткерлер мен үздік еңбеккерлер ғана қол жеткізе алмақ.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді