Отыз пайыздық меже орындалар күн жақын
Елбасы Н. Назарбаев осы-дан бірер жыл бұрын «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, нақты жүзеге асыруды тапсырып, қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту қажеттігін баса айтқаны белгілі. Бұл меже орындалатын күн де алыс емес. Былтырдың өзінде елімізде спорт және дене шынықтырумен айналысатындардың саны 3 миллион 900 мыңға дейін жетіпті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлімдеді. Агенттік төрағасы Елбасының жан-жақты қолдауымен жүргізіліп жатқан шаралардың арқасында елімізде соңғы 5 жылда спортпен шұғылданатындардың саны өскенін айтты. 2007 жылы олардың саны 2 миллион 300 мың адамды құрап, 15 пайызға артқан екен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 3 миллион 900 мың адамға жетіпті, яғни 23,2 пайызға өсіпті.
Т. Есентаев келтірген дәйектерге сүйенсек, еліміздегі 440 мың мүмкіндігі шектеулі жанның 210 мыңы спортпен шұғылданатын көрінеді. Ол үшін барлық өңірлерде тиісті жағдайлар жасалып, оларға қолдау көрсету мақсатында спорттық орталықтар ашылған.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«ZHAMBYL INVEST»-тің жұмысы мен жоспары қуантады
- 30 сәуір, 2026
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




