Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, қазақ халқының әдеп-ғұрпы қашаннан да қастерлі. Оны жас ұрпақтың бойына дарыту – міндетіміз. «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» мекемесінде «Мәдениет, дәстүр, өнер және әдебиет» атты мерекелік семинар өтті. Семинарға, облыс әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев қатысып, салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабамыздың асыл мұраларын қастерлеу жөнінде құнды ойлар айтты. Өзге қонақтар да пікір білдіріп, әсерлерімен бөлісті. Шара барысында кішкентай бүлдіршін Айсәуле Ағланбектің тұсауы кесілді. Орталық қызметкерлері мен бүлдіршіндер ән салып, би билеп, шараның сәнін кіргізді. Балалар түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналып, өнерлерін көрсетті. Алтыбақан құрылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жиын соңында семинарға қатысушылар орталық қызметкерлері жайған дастарханнан дәм татып, қонақжайлық пейілге ризашылықтарын білдірді.
Жұлдыз ЖАБАҒИЕВА, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді