Менің медицина мамандығын таңдаған себебім, Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға бірден-бір үлесімді қосу. 2011 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң, еңбек жолымды Талас аудандық орталық ауруханасына жас маман акушер-гинеколог дәрігері боп жұмысқа қабылдандым. Мамандардың тапшылығын шешу үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан барынша қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, республикалық бюджет есебінен 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы, 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тұрғын үй алу үшін несие және жергілікті бюджет есебінен 800 000 теңге көлемінде көтерме ақы төленуде. Сонымен қатар қызметтік пәтермен қамтамасыз етілуде, 2018 жылы келген 8 дәрігерге қызметтік пәтер берілді. 45 мың аудан тұрғынына медициналық емдеу-алдын алу көмегін аудандық орталық аурухана – 153 төсегімен, жаңа типтік емхана ауысымына 250 қабылдау қуатымен, 7 – дәрігерлік амбулатория, 6 – фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және осы форумды пайдалана отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағанына алғысым шексіз. Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз – бірігудің тарихы екенін әрдайым есте сақтау керек. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің Ұлы Даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу. Талас аудандық орталық ауруханасында жұмыс істегелі бері күн сайын тәжірибе жинаудамын. Аға буынды дәрігерлерден науқасты емдеу, ота жасаудың қыр-сырын үйренудемін. Болашақта тәжірибемді жинақтап халыққа қызмет етуге сенім білдіремін. Таяуда ғана дәрігер кәсіподақ мүшелерінің Қызылорда қаласында өткен «Мәңгілік Ел – салауатты ұрпақ» атты байқауға қатысып қайттым. Енді облыс еңбеккер жастарының форумына да делегат болып қатысамын. Мұндай мәні зор жиындардан өзімді толғандырған сауалдарға жауап табамын. Сол үшін де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына өз алғысымды білдіремін.
Құралбек ДІЛДӘБЕКОВ, аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді