Үлкен өмірге баулыды

Үлкен өмірге баулыды
ашық дереккөз
Үлкен өмірге баулыды

Мен кәсіподақ ұйымынан тәрбие алған адаммын. Аз ба, көп пе, ұзын-ырғасы 37 жыл кәсіподақ ұйымында қызмет еткен адамның өмірінде әлбетте, осынау қоғамдық ұйымның қызығы мен қиындығы біте қайнасып кететін тәрізді. Кешегі кеңестік кезеңдегі кәсіподақтың атқаратын қызметіне қарай жөн-жосығын сұрап жүретін әдітіміз бар. Ал қазіргі кәсіподақтың ауқымы да, атқаратын төл қызметі де басқаша. Жасыратын несі бар, нарық жағдайында кәсіподақтарды басқару құрылымы өзгеріп, беделі де, аты да біраз төмендеп кетіп еді. Түрлі тарихи кезеңдер болды. Кәсіподақ өзінің өміршең екенін көрсетті. Еңбек адамының мүддесін қорғайтын кәсіподақ – жұмысшылардың қорғаны. Кәсіподақ ұйымы – сенің лайықты әрі қауіпсіз еңбек етуіңде сенімді қамқоршың. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлердің салалық кәсіподақ ұйымын басқарған жылдарымды разы көңілмен еске аламын. Бүгінгі Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының, әсіресе соңғы бір жылда тың серпіліспен, жаңашылдықпен әрі үлкен ізденіспен жұмыс істей бастағаны анық аңғарылады. Басшылыққа мықты, тәжірибелі кадрлар келе бастады. Әсіресе қабілетті жастарға үлкен сенім артуы – өте дұрыс. Сондықтан облыстың еңбекші жастар форумына сәттілік тілеймін! Кәсіподақ қозғалысын жандандырып, қоғам игілігіне қызмет ете беріңіздер, айналайын! Шапай ҚҰРАМЫСОВ, кәсіподақ ардагері.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар