Автобус жүргізушілері жол ережесін үш күн ішінде 623 рет бұзды
- author «Ақ жол»
- 9 тамыз, 2014
- 229

Астанада "Автобус" рейдтік іс-шарасының нәтижесі шығарылды. Үш күн ішінде автобус жүргізушілерінің жол-көлік ережесін 623 рет бұзғаны анықталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
"5-7 тамыз аралығында Астана қаласы жол-патруль полициясының 300-ден астам қызметкері "Автобус" атты профилактикалық іс-шара жүргізді. Шара барысында автобус жүргізушілерінің жол ережесін 623 рет бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы Аstana.kz сайтына Астана қаласының ІІД хабарлады", - делінген хабарламада.
Оның ішінде, қалдық заттарды сақтап, ауаны ластаудың 132 жағдайы, жүк және жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамаудың 32 факті тіркелді. Сонымен қатар, автобус паркінің 6 жауапты тұлғасы түрлі жол-көлік заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. 33 автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін, 6 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төледі.
"Мұндай профилактикалық шаралар қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.", - делінген сайтта.
Ақпарат көзі:tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дархан десе, дархан еді...
- Бүгін, 07:06
«Мені ешкім, ешқашан өзге ұлт өкілі деп бөлген емес»
- Бүгін, 06:13
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді