Жаһан
Қазақстан мен Ресейдің көші-қон органдарының мәліметтер базасы біріктірілуі мүмкін
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2014
- 220
Қазақстан мен Ресейдің көші-қон органдарының мәліметтер базасы біріктірілуі мүмкін
Қазақстан Ресейге адамдардың екі елдің азаматтығын алу жағдайларын болғызбас үшін көші-қон органдарының мәліметтер базасын интеграцияларуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының екі күндік форумында Қазақстан Бас прокуратурасы бірінші департаменті басшысының орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.
«Біз тұрақты түрде қарым-қатынас жасап, ақпараттармен алмасып тұратын өкілетті тұлғаларды белгілеп қоюды ұсынамыз. Сондай-ақ, біз көші-қон саласындағы прокурорлық бақылаудың негізгі мәселелері бойынша және шетел азаматтарын елден шығару, олардың қозғалысын қадағалауды күшейту сияқты шаруалар бойынша тәжірибемен бөлісуге мүдделіміз», - деді ол.
Н. Сүйіндіковтің айтуынша, егер көші-қон органдарының мәліметтер базасы біріктірілсе, азаматтыққа тапсырған адамның басқа елде азаматтығы бар екені бірден шығып келеді және аталған адам Қазақстан азаматтығынан бас тартпайынша, Ресей азаматтығын ала алмайтын болады.
«Қазір мұндай жағдайдың алдын алу мүмкін емес, өйкені Ресей жағы біздің мәліметерді көре алмайды, ал біз олардікін көруге мүмкіндігіміз жоқ», - деді ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді