Бұл күн – әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің белгісіндей
- author «Ақ жол»
- 7 наурыз, 2019
- 451
Аяулы арулар, қадірлі қыз-келіншектер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы бір тамаша көктем мерекесі – әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі секілді. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының берекесі емес, ол мемлекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйелдердің әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Қымбатты ханымдар! Көктеммен қатар келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктем мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға береке, шаттық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер! «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




