Жаһан
Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек - Н. Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2014
- 788
Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек - Н. Назарбаев
Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек.
Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н. Назарбаев мәлімдеді.
«Біз оралмандардың жағдайын жасауымыз керек. Ал ішкі көші-қон мәселесі туралы бұрын да айтылған. Адамдарды жұмыс орындары бар жерлерге қарай жіберу қажет. Оңтүстік өңірлерде жұмыс орындары аз, сондықтан адамдар бұл жағдайды дұрыс түсінулері тиіс. Құдайға шүкір, Қазақстан кең-байтақ. Жұмыс орындары ашылуда, әсіресе жастар бір жерде отыра бермей, әр жерге барып, жұмыс істеп, еліміздің болашағын бірге жасауы керек», - деді Н. Назарбаев.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өзінің баяндамасында атап өткендей, биыл Қазақстанға жалпы саны 35 мың адамды құрайтын 13 мың отбасы қоныс аударған. Оларды орналастыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қыркүйек айында Парламентке оралмандарды орналастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы енгізілетін болады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




