Елбасы шенеуніктерге бизнес-қалтаны мемлекеттің жұмысымен еш шатастырмауды қатаң ескертті
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2014
- 196
Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында атқарушы биліктің жаңартылған құрамы айқындалды. Соған орай, ҚР Президенті Н. Назарбаев Үкімет мүшелерінің алдағы жұмысына да тоқталған болатын.
«Егер бизнес-қалтаңды мемлекет жұмысымен шатастырсаң, ертесінде-ақ жұмыстан қуыласың», - деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі ретінде Ерболат Досаевты таныстыра отырып.
«Бұл біреуіңе ғана емес, бәріңе де байланысты. Шындығында, бизнес сектордан тәжірибелі азаматтарды тартудың еш айыбы жоқ. Бұнда біз ондай кәсіби басшылардың істі басқаруға септігін тигізетінін есепке аламыз», - деді Н. Назарбаев. «Ерболат Досаев ұлттық экономика министрлігін басқаруға құзыры жетеді, кезінде Қаржы министрлігінде қызмет етті, Денсаулық сақтау министрі болды. Бизнесте де жұмыс істеді. Оны осында бизнестен шақырттық. Жас, ағылшын тілін біледі», - деді Н. Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді