Украинадағы қақтығыстың барлық тараптарын қантөгісті тоқтатудың оңтайлы шешімін табуға шақырамыз - ҚР Президенті
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2014
- 838
Біз Украинадағы қақтығыстың барлық тараптарын қантөгісті тоқтатудың оңтайлы шешімін табуға шақырамыз, деді ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Н. Назарбаев.
«Бізді Украина халқымен шаруашылық, сауда келісімшарттары, адамдардың қарым қатынасы сияқты көп нәрсе байланыстырады. Қарапайым украин халқының қазіргі басынан кешіп жатқаны қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Біз ашық әрі сенімді диалог негізінде қақтығыстың барлық тараптарын келісімге келіп, қантөгіске жол бермей әсірісе, әйелдер мен балалардың өміріне қауіп төндірмеу үшін өзара тиімді шешімге келуге шақырамыз», - деді Н. Назарбаев.
Президент тығырықтан шығудың басқа жолын көрмейтінін баса айтты. Мемлекет басшысы, сарапшылардың болжауы бойынша, биылғы жылы Украинада ІЖӨ кемінде 6 пайызға төмендейтінін, инфляция 20 пайызға өсетінін атап өтті.
Украина - Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық әріптестердің бірі.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




