Жаһан
«Самұрық-Қазына» өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден қоюы қажет - Н.Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2014
- 252
«Самұрық-Қазына» өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден қоюы қажет - Н.Назарбаев
Елбасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы трансформация бағдарламасына әзірлік барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» отандық экономика акцияларының ірі иеленушісі болып саналатынын атап өтті.
«Барлық мемлекеттік өндірістік компаниялар қордың қарамағында, ал оның міндеті - солардың корпоративтік басқарылуын жақсарту және активтердің құнын арттыру. Өткен жаһандық дағдарыс кезеңінде банктерді қолдау жөнінде елеулі жұмыс атқарылды және қорға олардың акционерлерінің құрамына кіруге тура келді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» банк капиталынан шықты, енді ол өндірістік компанияларға инвестиция тарту, жаңа өнім түрлерін игеру, жаңа технологиялар енгізуді қамтитын өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден қоюы қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Ө.Шөкеев қорды трансформациялау бағдарламасының басымдығы бар төрт бағыты айқындалғанын атап өтті. Олар: корпоративтік басқару; стандарттау және бизнес-үдерістерді оңтайландыру; басқару мен бизнес-шешімдердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау; барлық компаниялар тобында жұмысты үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі уақытта аталған бағдарламаны әзірлеу жұмысы аяқталуға таяу. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасын ресми түрде бастап беретін халықаралық форум өткізу жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді